Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну қалай диагностикаланады

Нақты диагноз қою өте қиын. Диагноз қою дәрігермен сөйлесуден басталады. Себебі - тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну (ТҚАІ) өте сирек кездеседі, бұл туралы адамдар, оның ішінде көптеген дәрігерлер естімеген. Шын мәнінде, дәрігерлердің көпшілігі ТҚАІ бар пациентті бұрын өз тәжірибесінде кездестірмеуі мүмкін. Диагноз қою үшін алдымен дәрігермен сөйлесу керек.

 

Пайдалы ақпарат

Отбасыңыздың ешқайсысында ТҚАІ болмаса да, ауруды жоққа шығаруға болмайды. ТҚАІ-нің төрттен бір жағдайы спонтанды генетикалық мутация нәтижесінде пайда болады.

ТҚАІ диагнозын растауға арналған тесттер

Егер дәрігеріңіз сізде ТҚАІ болуы мүмкін деп санаса, диагнозды растау үшін қан талдауы жиі қолданылады. Талдаубарысында С1-INH ақуызының мөлшері мен функционалды белсенділігі анықталады. Сондай-ақ, олар басқа ақпаратты, мысалы, симптомдарды, белгілі бір дәрі-дәрмектерге реакцияны және отбасылық анамнезіңізді зерттейді.

ТҚАІ диагностикалау орталықтарымен байланысу