Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну қалай емделеді

 

Дәрігеріңізбен сөйлескен кезде тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінуді (ТҚАІ) емдеудің әртүрлі нұсқалары туралы сұрау міндетті түрде пайдалы болады. Бұл сұрақтарға алдын алу терапиясы және талап (қажеттілік) бойынша терапия кіреді.

 

ТҚАІ-ні алдын ала (профилактикалық) емдеу

ТҚАІ-ні алдын-алу немесе алдын ала емдеу ұстамалардың санын азайту және оларды мүмкіндігінше жеңілдету үшін дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдауды қамтиды.

ТҚАІ-ні талап етілуі бойынша емдеу

ТҚАІ-ні талап етілуі (қажеттілік) бойынша емдеу - бұл ТҚАІ ұстамасының симптомдарын емдеу үшін пайдаланылатын препараттарды тұрақты қабылдауды қамтитын шұғыл емдеу. Бұл ТҚАІ ұстамасының ауырлығы мен ұзақтығын төмендетуді қамтамасыз етеді.

 

ТҚАІ ұстамасы бар әрбір адамның жоғарғы тыныс жолдары зақымдала бермейді, бірақ кездесу қаупі бар. Мұндай ұстамалар өмірге қауіп төндіреді. Сондықтан жетекші денсаулық сақтау ұйымдары ТҚАІ бар барлық пациенттерге талап (қажеттілік) бойынша терапияның қорда болуын ұсынады. Егер сізде ТҚАІ болса, дәрігеріңізбен терапияның дұрыс режимін таңдау туралы сөйлесу өте маңызды.

Пайдалы ақпарат

ТҚАІ әртүрлі симптомдармен көрінуі мүмкін болғандықтан, сізге сәйкес келетін емдеу жоспарын жасау үшін дәрігеріңізбен тығыз жұмыс жасау керек.