Ресми хабарлама

 

Пайдалану шарттары

 

«Такеда» компаниясы осы веб-сайтты және оның мазмұнын жалпы ақпараттық мақсаттарда ұсынуға қуанышты. Біздің веб-сайтты пайдаланудың осы шарттарымен мұқият танысыңыз. «Такеда» компаниясы ақпаратты веб-сайтқа қосқан кезде оның дәлдігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады. Алайда, «Такеда» компаниясы ақпараттың дәлдігіне кепілдік бере алмайтындығын және осы ақпаратты пайдалану нәтижесінде туындауы мүмкін шығындар мен залалдар үшін жауап бермейтінін ескеріңіз. Ақпаратты «Такеда» компаниясы кез келген уақытта ескертусіз өзгерте алады. Осы веб-сайтты пайдалана отырып, сіз осы шарттармен және ережелермен шектеусіз немесе ескертулерсіз келісесіз.

 

Зияткерлік меншік құқықтары мен материалдарын пайдалану

 

Бұл веб-сайттың авторлық құқығы «Такеда» компаниясына тиесілі. Зияткерлік меншіктің барлық басқа құқықтары қорғалған. Егер сіз сақтаған осы материалдардың кез-келген көшірмесінің барлық авторлық құқықтарымен басқа да меншік туралы ескертулер сақталса, Такеда сізге осы веб-сайтта жарияланған материалдарды тек коммерциялық емес мақсатта көшіруге рұқсат береді.

 

Бөгде веб-сайттарға сілтемелер

 

Веб-сайтта бөгде веб-сайттарға гипермәтіндік сілтемелер болуы мүмкін. «Такеда» компаниясы кез-келген басқа веб-сайттағы кез-келген ақпаратқа немесе пікірлерге қатысты жауапкершілік көтермейді және өзіне жауапкершілік алмайды. «Такеда» компаниясы мұндай веб-сайттарды бақылауды жүзеге асырмайтындықтан және олардың мазмұны «Такеда» компаниясына ескертусіз өзгертілуі мүмкін болғандықтан, веб-сайт пайдаланушыосы веб-сайттан алынған кез-келген ақпараттың дәл болуына және осы веб-сайттан жүктелген бағдарламалық жасақтамада вирустар немесе сыңаржақ сипаттағы басқа элементтердің болмауына жауапты. «Такеда» компаниясы кез келген осындай жүктелген материал арқылы келтірілген қандай да бір залалға, зиянға, шығындарға немесе жауапкершілікке қатысты ешқандай жауапкершілік алмайды.

 

Ақпарат дәрігердің кеңесін алмастырмайды

 

Веб-сайттағы ақпарат тек денсаулық туралы білім беруге арналған. Бұл ақпарат түпкілікті деп саналмауы керек және дәрігерге барудың, қоңырау шалудың, дәрігердің немесе басқа медицина қызметкерінің кеңесі немесе ақылының орнына пайдаланылмауы керек. «Такеда» компаниясы денсаулыққа қатысты мәселелерді өз бетінше шешуді ұсынбайды. Денсаулыққа қатысты мәселелер дереу дәрігермен немесе басқа медицина қызметкерлерімен талқылануы керек. Осы веб-сайттағы ақпарат медициналық кеңесті алмастырмайды және осындай кеңес алудың кешеуілдеуіне әкелмеуі керек.

 

Ақпарат міндетті түрде дәл, толық немесе өзекті бола бермейді

 

Веб-сайтта қол жетімді ақпарат түпкілікті емес. «Такеда» компаниясы мүмкіндігінше нақты және өзекті ақпаратты қосуға бар күш-жігерін салады, бірақ оның дәлдігі мен толықтығына ешқандай куәландыру немесе кепілдік бермейді. Бұл ақпарат «сол қалпында» беріледі, нақты немесе болжанатын кепілдіктерсіз, соның ішінде белгілі бір мақсаттар үшін дұрыстығына кепілдік берілмейді. «Такеда» компаниясы веб-сайтты пайдалану нәтижесінде компьютердің зақымдалуына жауап бермейді. «Такеда» компаниясы ешқандай мәлімдеме жасамайды және веб-сайтқа кіру уақтылы, үздіксіз немесе қатесіз болатынына кепілдік бермейді. «Такеда» компаниясы оларды қол жетімді ететін парақтарда немесе серверде вирустардың немесе басқа зиянды элементтердің жоқ екеніне кепілдік бермейді. Ешқандай жағдайда «Такеда» компаниясы, оның филиалдары мен еншілес компаниялары, сондай-ақ олардың тиісті мұрагерлері, директорлары, қызметкерлері, агенттері, өкілдері, ақпарат жеткізушілері және лицензиарлары, сондай-ақ олардың тиісті мұрагерлері мен цессионарийлері кез-келген тікелей, жанама, кездейсоқ, туындайтын, типтік, арнайы, айыппұл немесе басқа шығындар үшін, тіпті мұндай шығындар болуы мүмкін екені туралы хабарланған жағдайда да жауап бермейді. Жоғарыда көрсетілген ерекшелік юрисдикцияларда олар болжанатын кепілдіктерді алып тастауға жол бермейтін дәрежеде қолданылмауы мүмкін.

 

Ақпарат

 

Осы веб-сайттағы электрондық хабарламалардағы кез келген жеке ақпарат «Такеда» компаниясының жеке ақпаратын пайдалану тәртібі туралы хабарламалармен реттеледі.